ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Жамбыл фосфор зауытына ат басын тіреді

58

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин алдымен «Қазфосфат» ЖШС-нің Жаңа Жамбыл фосфор зауытына ат басын тіреді. Зауыттың №16 жөндеу-механикалық цехына бас сұққан мәжіліс төрағасына серіктестік басшысының орынбасары Нүрзия Лесбекова кәсіпорынның жұмысы туралы жан-жақты баяндады.

Ол өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстар мен қол жеткен жетістерге тоқталып, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Сондай-ақ, Нұрлан Зайроллаұлы жұмысшылармен кездесіп, Елбасы Жолдауы, ондағы басым бағыттар мен міндеттерден туындаған мүмкіншіліктер туралы әңгімеледі. Кездесуде кәсіпорын жұмысшыларының жалақысының өсуі, «7-20-25» бағдарламасы аясында баспаналы болуы секілді бірқатар нәтижелі шаралардың орындалу барысы айтылды.

Айта кету керек, «Қазфосфат» ЖШС өткен жылдың қорытындысы бойынша 112,1 млрд. теңгегенің өнімін өндірген. Атап айтар болсақ, Жаңа Жамбыл фосфор зауытында сары фосфор 96,5 мың тонна, натрий триполифосфаты 27,8 мың тонна, ортофосфор қышқылы 41,3 мың тонна өндірілген. Кәсіпорын өнімдері Германия, Түркмения, АҚШ, Дания, Швейцария, Польша, Чех Республикасына, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Венгрия, Нидерланды және тағы басқа мемлекеттерге экспортталады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.