БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – БОЛАШАҚТЫ ҚОРҒАУ             

53

Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері соңғы үш жылда 156 баладан 83 балаға азаюына байланысты Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі мен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы біріктіріліп, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Бүгінгі күні облыста 0-18 жас аралығында 419965 бала болса, олардың  1448-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

2015-2018 жылдар аралығында 17 отбасылық үлгідегі балалар үйі және 2 қабылдаушы отбасы ашылды. Өткен жылы балалар үйінен 81 бала отбасылық тәрбиеге орналастырылды.

Облыста балалар үйлері түлектерін бюджеттік негізде 100 пайыз арнаулы және жоғары оқу орындарына орналастыру үрдісі қалыптасқан. Биылғы жылы балалар үйлерін бітіріп шыққан 21 түлектің 1-еуі Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнына, 4-і  Алматы  қаласына, 16-ы Тараз қаласындағы  колледждерге оқуға түсті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.