«Қақпа алдындағы кездесу»: екі азамат бостандыққа шықты | arainews.kz

«Қақпа алдындағы кездесу»: екі азамат бостандыққа шықты

72

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 25 мекемесінде өткен «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында 2 азамат бостандыққа шықты. Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу, құжаттандыру, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу болып табылады.

Мекеменің ЕТҚЕ инспекторы, әділет аға лейтенанты Кәмшат Әбдімомынованың ұйымдастыруымен өткен кездесуге аталған мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов, Тараз қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы Мұрат Әмреев, Жергілікті полиция қызметі Тараз қалалық басқармасының қызметкерлері – Қуаныш Ақболатов пен Қуаныш Әлішер және Тараз қалалық №1 Пробация қызметінің бөлім бастығы Қуаныш Халық, инспекторы Рима Хамитова қатысты.

Жоба нәтижесінде бір азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Сонымен қатар, тағы бір сотталған жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жұмсағырақ жазаға ауыстырылып, бостандыққа шықты. Жиын барысында азаматтарға қайталанған құқық бұзышылыққа жол берген үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны ескертіліп өтті. Сондай-ақ,  Пробация қызметінің мамандары бостандыққа шыққан азаматпен алдағы уақытта әлуметтік ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізетіні атап көрсетілді.

Қоғамға қайта қосылған азаматтарды туған-туыстары күтіп алып, қуаныштарын жасырмады.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.