Рақымшылық аясында бостандыққа шықты | arainews.kz

Рақымшылық аясында бостандыққа шықты

20

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде халыққа арнаған с атты Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. Осыған сәйкес, осы жылдың 2 қарашасы күнгі Қазақстан Республикасының «Рақымшылық жасау туралы» № 152-VII Заңы қабылданып, оның аяындағы жұмытар басталып та кетті. Осылайша, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 2 отталған бостандыққа шығарылды.

Айта кетейік, аталмыш Заң Президент Жолдауындағы ізгілік идея­сының негізінде, яғни қаңтар оқиғаларына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихында жарияланған оныншы рақымшылық болса, нақты бір оқиғаға байланысты, яғни ситуациялық мұндай заң елімізде тұңғыш рет қолданылып отыр.

Бұл – бүкіл қоғам күткен оң қадам еді. Өйткені рақымшылық жасау – адам­гер­шіліктің ғана емес, мемлекеттің қо­ғам­ға, халыққа деген үлкен сенімінің бір көрінісі. Бұл жөнінде Президенттің өзі: «Біз адам­гершілік таныта отырып, осы қай­ғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталан­байды. Бұған жол бермейміз», деді.

Заңға сәйкес теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттылық алынады. Бұ­дан бөлек, ауыр және аса ауыр қыл­мыс­тар­ды жасағандарға жаза мерзімін қыс­қар­ту көз­делген. Атап айтқанда, ауыр қыл­мыс­тар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрт­тен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыстар үшін жа­за­ның жартысы қыс­қарады. Егер сотталған тұлғаның жазаны өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, онда ол толық босатылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.