ҚАЖ қызметкерлері дауыс берді | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері дауыс берді

102

Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтуде. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінің қызметкерлері өз сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. ҚАЖ қызметкерлерін мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің өзі бастап барды.

«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Әр азамат өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Ел болашағында жақсы өзгерістер болсын десек, сайлауға белсене қатысуымыз қажет. Сайлау еліміздің болашақтағы даму бағдарын анықтайды», деді Ерлан Ділдәбекұлы өз өзінде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.