Граффити-жазуларының авторы ұсталды | arainews.kz

Граффити-жазуларының авторы ұсталды

193

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында «Рефлекс-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ПБ ЖПҚ қызметкерлері бірлесіп синтетикалық есірткі құралдарын тарататын азаматтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында үй қабырғаларына тыйым салынған граффити-жазуларды жазған 30 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.
Күдікті кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні тарататын өзге де тұлғаларды анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, үйлердің қабырғалары мен қоршаулардың сыртынан есірткінің таралуына қатысты кодтық сөздері бар 800-ге жуық граффити-жазулар алынып тасталды. Сондай-ақ, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті өңір тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, есірткі қылмыстылығына қарсы бірлесе күресуге шақырады.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.