Головкин Муратамен жекпе-жекке шығуы мүмкін | arainews.kz

Головкин Муратамен жекпе-жекке шығуы мүмкін

131

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер мен WBA тұжырымдамасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы Риота Муратаның (14-1, 11 КО) промоутері Боб Арум боксшылардың Жапонияда кездесуін ұйымдастыруға әлі де үмітті.

«Егер Мурата демалыс күні Брантты жеңсе, ол біз үшін тиімді болады. Мен Хонда мырза (Муратаның промоутері) және Top Rank-пен жақсы араласамын. Бұл жекпе-жекті өткізуге болады. Геннадий қашанда халықаралық деңгейде айқасқысы келеді. GGG үстел басына қалай келетінін, Мурата Жапонияда қандай рейтинг жасап жүргенін білеміз, ол өте танымал боксшы. Егер демалыс күні жеңіске жетсе, қарсыластар арасында көш бастауы мүмкін», — деді Леффлер.

Бұған Арум да өзінің пікірін білдірді.

«Головкин — өте танымал тұлға. Егер ол Tokyo Dome-да Муратамен жекпе-жекке шықса, бұл үлкен оқиға болмақ. Том Леффлер — тамаша жігіт, боксты түсінетін жақсы промоутер. Бұл Хонда мырза екеуімізге байланысты, біз Томға ол бас тарта алмайтын ұсыныс жасаймыз», — деп атап өтті Арум.

Еске сала кетейік, бұған дейін Том Леффлер Головкиннің титулдық жекпе-жегі туралы айтты.

inform.kz26385

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.