Керчьте қаза болғандар саны 20 адамға жетті | arainews.kz

Керчьте қаза болғандар саны 20 адамға жетті

140

Керчь қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті.

«Колледжде қаза болғандар саны — 20 адам. Соңғы катафалк мәйітханаға үш адамның емес, төрт адамның мәйітін жеткізді. Тағы бір адам табылған», — деді қалалық әкімшілік басшысының орынбасары Дилявер Мельгазиев.

Оқиғадан қаза болғандардың барлығының туыстары мәйіттерді таныды.

Агенттіктің хабарлауынша, «Лаңкестік» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс кейін «Адам өлтіру» бабына өзгертілген.

Еске сала кетейік,  кеше Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.