Алғыстарын ақ қағазға түсірді | arainews.kz

Алғыстарын ақ қағазға түсірді

14

Түзеу мекемесінде жазасын өтеп, ақ пен қараны ажыратардай дәрежеге жетіп, қоғамға қайта бейімделіп шыққан азаматтардың туыстары көп жағдайда қиын сәтте қолдау көрсетіп, тура жолға салған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне разылығын білдіріп жатады. Осындай жанның бірі – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп, шартты түрде мерзімнен бұрын және жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жұмсағырақ жазаға ауыстырылып,  бостандыққа шыққан азаматтардың туыстары.

Бауырларының мекемеден босатылуына байланысты ақ қағаз бетіне ақжарма тілегін жазып қалдырған олар мекемеде өткен уақыт аралығында туыстарына моральдік тұрғыда демеу көрсетіп, өзінің жіберген қателіктерін түсінуге, өмірдің мәнін қайта ұғынуға сеп болған барша мекеме ұжымына алғысын жеткізді.

Өз кезегінде мекеме басшылығы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан сотталғанға көмек көрсетіп, түзу жолға түсуіне жағдай жасады.

Кәмшат Әбдімомынова,

босатылатын сотталғандарды еңбекпен, тұрмыспен қамтамасыз ету инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.