Жас қызметкерлер ант қабылдады | arainews.kz

Жас қызметкерлер ант қабылдады

84

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған болатын. Бұл Тәуелсіз Қазақстан Республикасы полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды. Ал 2007 жылы 5 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекітті. Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді.

Ал биыл Қазақстан полициясына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі ЖД-158/2 мекемесінің жас қызметкерлері ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімі Жуалы ауданындағы батыр Б. Момышұлының мемориальдық музейінде өтті. Ант қабылдағандар – әділет қатардағы жауынгері А. Әденов, әділет қатардағы Д. Жексенбай, әділет кіші сержанты Ә. Өмірзақов, әділет лейтенанты Ж. Хасен.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.