Әлеуметтік жоба аясында 6 азамат бостандыққа шықты | arainews.kz

Әлеуметтік жоба аясында 6 азамат бостандыққа шықты

65

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы нөмірі 387 жарлығы аясында «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жоба жалғасын табуда. Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу.

Сотталған азаматтарды қайта жұмысқа орналастыру жобасы аясында «Қақпа алдындағы кездесу» жобасының маңызы зор. Бұл жоба арқылы темір тордың ар жағындағы айыпталушылар саны да азаймақ.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұловтың басшылығымен «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы өтіп, 6 азамат бостандыққа шықты.

Абақтыдан босап шыққан азаматтарға Тараз қалалық Пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Әділет Ерманов, Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы босап шығуына байланысты бос жұмыс орындары ұсынылып, тіркелу тәртібі түсіндірілді. Кездесу соңында сотталушыға тәртіп сақшылары қайталап құқық бұзушылыққа жол бермей, бостандықта туыстық қатынасын нығайтып, қоғамға қайта бейімделуі керектігін ескертті.

Кәмшат Әбдімомынова,

босатылатын сотталғандарды еңбекпен, тұрмыспен қамтамасыз ету инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.