Әлеуметтік салалардың дамуына баса назар аударылып отыр | arainews.kz

Әлеуметтік салалардың дамуына баса назар аударылып отыр

173

Меркіде әлеуметтік салалардың дамуына баса назар аударылып отыр. Атап айтқанда, осы жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен 1920,5 миллион теңге бөлінген. Есепті кезеңде ауылдық округтер бойынша 3619 отбасыдан әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданып, оның 3327 отбасына шартты ақшалай, 292 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. Сондай-ақ тұрғын үй көмегіне бюджеттен 200,0 мың теңге бөлініп, 10 отбасындағы 74 адамға тұрғын үй көмегі төленіп берілді.

Аудан бойынша 44 емдеу мекемелері аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді (1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана, Андас батыр ауылдық емхана, 1 аудандық туб. диспансер, 13 дәрігерлік амбулаториялар, 19 медициналық тіректер, 8 фельдшерлік-акушерлік тіректер). 2018 жылы 9  айда 1251 бала өмірге келсе, 2019 жылы 1173 бала туылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 78 нәрестеге төмендеді.

Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі мен 6 ауылдық мәдениет үйі, 9 ауылдық клубтар, 1   аудандық орталық, 1 аудандық балалар және 23 ауылдық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 4 «халықтық» атағы бар ұжым, 1 «Зерде» бейнемобиль автоклубы тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. Жоғарыда аталған мәдениет ошақтарында 2019 жылдың 9 айында мәдениет үйлері мен  ауылдық клубтарда 583 көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 59105 адам қатысты. Клубтық құрылым саны 77, оған қатысушылар саны 797 адамды құрады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.