Қазына қоржыны толыса түсуде | arainews.kz

Қазына қоржыны толыса түсуде

166

Меркі ауданы бюджетінің 2019 жылдың 9 айына орындалған кірістер бойынша 100,3 пайыз қамтамасыз етілді. Оның ішінде аудандық бюджет түсімдері есепті мерзімге жоспары 11 363,2 миллион теңге, нақты түскені 11 350,7 миллион теңге болып отыр.

4-ші деңгейлі бюджеттің түсімдері жоспары 144,9 миллион теңге, нақты түскені 188,7 миллион теңге, немесе 130,2 пайызға орындалды. Ал аудан бюджетінің шығыстары бойынша жоспарда 11 641,2 миллион теңге болса, нақты 11 618,0 миллион теңге. Игерілмеген қаржы соммасы 23,2 миллион теңге немесе атқарылуы 99,8 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың  9 айына  бекітілген мемлекеттік бюджеттің болжам сомасы 2035,3 миллион теңге болса, нақты түскені 2190,1 миллион теңге, орындалуы 107,6 пайыз немесе түсім 154,8 миллион теңгеге артқан.

Нәтижесінде, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаларына қатысушылар санының 2019 жылға кешенді жоспары 2837 адам. Жалпы жыл басынан қамтылғаны 1637 адамды құрады.

Қазіргі таңда ауданда саяси криминогендік ахуал қалыпты жағдайда. Қылмыстың барлық түрлерінен төмендеу бар, қылмыстардың ашылу деңгейі жоғарылауда. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, «Көршінің бақылауы», «Құқықтық тәртіп»   бағдарламалары аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.