9 айдың қорытындысына көңіл толады | arainews.kz

9 айдың қорытындысына көңіл толады

171

Меркі ауданы ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жете алды. Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, аудан бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-қыркүйек айларында 2 миллиард 779,2 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 29,6 пайыз құрады. Айта кетерлігі, осы жылдың қаңтар айынан бастап «Меркі қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің уақытша тоқтап тұруына байланысты өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендеген.

Ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 19 миллиард 673,9 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,9 пайызды құрап отыр. Ал егін шаруашылығы бойынша егістік жердің көлемі 100176 гектар, оның ішінде 20 474 гектары – суармалы алқап. Аудан бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 76 446 гектар алқапқа орналастыру көзделсе, егін нақты 90 811,3 гектар алқапқа егіліп, 118,7 пайызды құрады. Әрине,егінді суару да күн тәртібіндегі мәселе. Бұл мақсатта тамшылатып суғару технологиясы өткен жылы 2238 гектар алқапқа енгізілсе, осы жылы 2374 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы қолданылды. Бұл бағыттағы жетістік өткен жылмен салыстырғанда 106 пайызды құрады. Сондай-ақ жыл басынан бері барлығы 85 ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарланып, есепті кезеңде 377,5 миллион теңгеге 69 техника сатып алынды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.