Мал шаруашылығы қарқынды дамуда

Меркі ауданында мал шаруашылығының дамуы қарқынды көрсеткіштер көрсетуде. Мәселен, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2019 жылы мүйізді ірі қара – 21 басқа (47899 бас), қой мен ешкі – 10244 басқа (272748 бас), жылқының саны – 395 басқа (13505 бас), шошқа – 100 басқа (1101 бас) және құстар – 3975 басқа (85370 бас) өсіп отыр. Сондай-ақ аудан бойынша 6384 тонна ет, 26875,3 тонна сүт және 1 миллион 599,9 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал өнімдерінің барлық түрлері артық өндіріліп отыр.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 13 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыс істеуде. Кооперативтердің барлық мүшелері 625 адамды құрайды.

Есепті кезеңде 75,1 тонна қозы еті және 250,2 тонна мүйізді ірі қара малының еті экспортталды. Сондай-ақ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 345 мүйізді ірі қара сатып алу жоспарланса, нақты орындалғаны — 294 бас немесе 85,3 пайыз. Қой сатып алу жоспарымыз да 4870 бас болса, нақтысы 5718 бас сатып алдық, бұл жоспар 117,4 пайызға орындалып отыр.

Ал ветеринария саласына ағымдағы жылы «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 163,6 миллион теңге бөлініп, есепті кезеңде 117,8 миллион теңгесі игеріліп қойды.

Бұдан өзге қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға 2019 жылға 3 миллион теңге бөлініп, есепті кезеңде бұл қаржы толық теңгесі игеріліп, 2058 бас ит ауланып, жойылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.