Жастарға қамқорлық толастамайды

77

Уалихан Болатбек, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  жыл сайынғы Жолдауы – біз үшін ерекше тарихи құжат. Биылғы Жолдауда елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен маңызы нақты түсіндірілді. Әрине, мұндай іргелі  істерден ел ертеңі-  жастардың да қалыс қалмайтындығы белгілі. Себебі, қабылданып жатқан қандай да бір құжаттар мен реформалардың болашақ үшін жасалынып жатқаны, ал болашақтың тұтқасы жастардың қолында екендігі ақиқат. Сондықтан Елбасы жастарды ешқашан естен шығарып, олардың мәселесін кейінге ысырған емес.

Мемлекет басшысы  биылғы Жолдауы да жағымды жаңалықтарға толы болды. Басты құжатта айтылған еліміздегі жастар мен отбасы институттарын кешенді қолдау мен жастарды қолдауға арналған барлық шараларды қамтитын әлеуметтік сатының платформасының қалыптасуы біз үшін үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2019 жылдың  — Жастар жылы болып жарияланануы замандастарымыздың  қоғамдағы рөлінің маңызды екеніне тағы бір дәлел болды. Сонымен қатар  «Ауыл — ел бесігі» жобасы ауылдық жерлердің дамуы мен гүлденуі үшін тың серпіліс  беретіні сөзсіз. Елбасымыз ұсынған «Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер ұйымын құру әрбір балаға әскери-патриоттық тәрбие беретін орталық болады деген ойдамын. «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы да еліміздің мәдениеті мен тарихын бағамдап, туризмді дамытуға жарқын жол ашады деп сенемін.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.