Экс-әкім Бергей Рысқалиев 72 млрд теңгені жымқырды деп күдікке ілікті | arainews.kz

Экс-әкім Бергей Рысқалиев 72 млрд теңгені жымқырды деп күдікке ілікті

122

Бүгін Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өңірдің бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев және оның сыбайластарына қатысты басты сот талқылауына дайындық басталды.

Облыстық соттың судьясы Тыныштық Нұрымова сотталушыларға сот туралы хабар берілгенін мәлімдеді. Бірақ олар Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүр және сотқа келмеген. Сондықтан сот істі сотталушылардың қатысуынсыз, сырттай соттау тәртібімен қарау дұрыс деп санайды.

Тергеу нұсқасына қарағанда, бұрынғы әкім қоластындағылармен бірге мемлекет қаражатын қылмыстық жолмен жымқыру жоспарын жасаған. Олардың бұл әрекетінен келген залалдың көлемі 72 миллиард теңге деп бағаланды. Қылмыстық істің фигуранттары: Б. Рысқалиев, оның ағасы А. Рысқалиев және 7 адам, іс 754 томнан тұрады.

Облыста Б. Рысқалиев командасының үстінен алғашқы сот 2014 жылы өткен болатын. Сол кезде ішінде шенеунігі бар, бизнесмені бар — жалпы 11 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.


inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.