Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды | arainews.kz

Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды

237

Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды, — деген Бауыржан атамыздың ұлағатты сөзін тілге тиек ете келе өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып опық жеген, азаматтарымыз сотты болып темір торға тоғылатындығы анық. Сары уайым сарсаңға салып, қайғы қысқан уақытта, жаныңа жай таба алмай өкініш оты жүрегінді жандырары сөзсіз. Әрбір сотталған азаматтың ендігі алар тәрбие-тәртібісіне мекеме қызметкерлерінің өзіндік тәжірибелері зор ықпал етуде. Сотталған азаматтарды болашақта қоғамға қауіпсіз, отансүйгіштікке тәрбиелеу ол біздің алға қойған мақсатымыз.

Мемлекетіміздің басты байлығы адам және оның құқығы мен бостандығы екендігін жан-жақты түсіндіріп, қоғам үшін әрбір адамның алар орны ерекше екендігі тәрбие берудегі айқын бағытымыз. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың ар-ұждан және діни сенім бостандығына кепілдік бере отырып, негізгі міндеттері мен құқықтары толықтай заң талаптарына сәйкес қамтылған. Мекеменің ішкі тәртібіне сәйкес өмірдің өзі уақыт еншісінде екендігі әрбір сәтті бағалап пайдалы еңбекпен айналасуға бейімдеп, түзелуге өзіндік үлес қосып жүрген мекеме қызметкерлерінің еңбектері ерен. Сотталған азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, дені саудың жаны сау қағидасын қалыптастыруда тәрбиенің берері, тәртіптің алар орны ерекше айқын. Келешекте әрбір сотталған азаматтың өмірден өзіндік орнын тауып білім алып, білікті маман иесі болуына да бар жағдай жасалынған. Қорыта айтқанда, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/1 мекемесінде сотталған азаматтардың түзелуіне шынайы ден қойылып тәртіпті іс-шаралар қызу үстінде.

Ринат Тезекбаев, ЖД-158/1 мекемесі режим бөлімінің аға жедел уәкілі
әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.