Тараз спортшылары армрестлингтен әлем чемпионатынан 16 медальмен оралды | arainews.kz

Тараз спортшылары армрестлингтен әлем чемпионатынан 16 медальмен оралды

166

Чемпионатқа әлемнің 44 мемлекетінен мыңға жуық спортшы қатысты. ҚР ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен жамбылдық қол күресшілер 8 алтын, 5 күміс және 3 қола — барлығы 16 медальды қанжығалады.

Ересектер арасында Т.Верина (55 кг), О.Письменная (80 кг), А.Лисианская (+80 кг) — 1-орын, Э.Шадырқұл (60 кг), А.Қараманова (55 кг), Т.Трубина (70 кг), В.Фараджов (65 кг) — 2-орын, И.Рейсов (55 кг) 3-орынды қанағат тұтты.

Жасөспірімдер арасында А.Кәрімбаева (50 кг), Е.Ляхова (65 кг), Б.Рейсов (55 кг), А.Қараманова (55 кг), О.Письменная (+70 кг) 1-орынға лайық деп танылды. Ал Е.Савченка (50 кг) — 2-орын, А.Әбдікерім (70 кг), А.Каст (70 кг) 3-орынды иеленді.

Жалпы командалық есепте бірінші орын Қазақстанға бұйырды. Екінші орында — Ресей, үшінші орын Мажарстанның еншісінде.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.