Туристік нысандарға QR-кодтар орнатылуда | arainews.kz

Туристік нысандарға QR-кодтар орнатылуда

209

Облыс әкімдігінің туризм басқармасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдегі негізгі туристік нысандарға QR-кодтарды орнату жұмыстары басталды.

 Бұл жұмыс «TARAZ TOUR» мобильді қосымшасын іске қосу мақсатында қолға алынуда. Аталған қосымша арқылы туристер нысан жайындағы толық мәліметті 5 тілде қолдану мүмкіндігіне ие болмақ.  Сондай-ақ QR-код арқылы туристерге нысанға жауапты мекеменің телефон нөмірі, ресми сайты, визиттық карточкасы сынды ақпараттар да қоса ұсынылады. QR-кодты оқу үшін смартфонда «QR-droid», «QR Code City», «QR Reader» секілді қосымшалар болған жөн. Ал бұл ұялы телефонында бұл қосымшаларды ғаламтордағы «Play market»«App Store»Магазин Windows онлайн-дүкендерден тегін жүктеп алуға болады.

-Кейінгі жылдары Тараздың тереңнен тамыр тартқан тарихына қызығушылық танытатын туристердің қатары артып келеді. Әрине, әрбір саяхатшы белгілі бір өңірге сапар шекпес бұрын, ол аймақ туралы мәліметтер іздейтіндігі анық. Сондықтан да келушілерге қолайлы болу үшін негізгі туристік нысандарға QR-кодтарды орнатуды бастадық. Бұл бағыттағы жұмыс жандана түсетін болады, дейді облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.