Шу ауданында шаруа қожалығының жетекшісі мен қызы кісі қолынан қаза тапты | arainews.kz

Шу ауданында шаруа қожалығының жетекшісі мен қызы кісі қолынан қаза тапты

317

Шу ауданында шаруа қожалығының жетекшісі мен қызы кісі қолынан қаза тапты. Оқиға кеше, 14 тамыз күні орын алған.

Осыған орай, бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдікті азаматтың ұсталғанын хабарлады.

Құқық қорғау ведомствосы өкілінің айтуынша, тұтқындау барысында оның иемденіп кеткен мотоцикл, ұялы телефондар мен ақша тәркіленген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

bnews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.