Петропавлда көлік тонаушы заманауи технологияларды қолданған | arainews.kz

Петропавлда көлік тонаушы заманауи технологияларды қолданған

188

Петропавлда полицейлер «жоғары технологиялық» автоұрлықшыны ұстады.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қаскүнем көліктің дабыл жүйесінің кодын оқи алатын құрылғыны қолданған.

«Мектеп және дәмхана маңында шетелдік көліктерді аңдыған. Сканер арқылы есікті ашып салоннан бағалы заттарды жымқырған. Ол тек 2 көлікті ашып, солардың бірінен 150 мың теңге ұрлаған. Ал, екінші көліктің иесі кездейсоқ келіп қалғанда ұры бой тасалаған», — делінген хабарламада.

Күдікті полицейлердің назараныа іліккенін біліп, Петропавлдан қашып кеткен. Алайда оны сол күні кешкісін ұстады. 27 жастағы Көкшетау тұрғыны «Ұрлық жасау» бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынынан айырылуы мүмкін.

Полицейлер заманауи технологиялардың қылмыс құралына айналып бара жатқанын айтып жатыр. Олардан қорғану оңай емес. Сканерлерде компьютерлік вирус сияқты бағдарлама бар.

«Ескі үлгідегі көлік дабыл жүйлеріне қауіп төніп тұр. Көліктерге қымбат сигнализация орнатуға барлығының қалтасы көтермейді. Ең сенімді қорғаныс — салонда ақша мен бағалы заттарды қалдырмау», — деп атап өтті Петропавл қалалық ПБ бөлімінің бастығы Ерболат Қаптаев.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.