«Астана U-19» УЕФА Жасөспірімдер лигасының екінші кезеңіне шықты | arainews.kz

«Астана U-19» УЕФА Жасөспірімдер лигасының екінші кезеңіне шықты

145

«Астана U-19» командасы УЕФА Жасөспірімдер лигасының бірінші кезеңінде албаниялық «Влазния U-19» командасын 4:0 есебімен жеңді.

Осылайша, «Астана U-19» УЕФА Жасөспірімдер лигасының екінші кезеңіне шығып, енді загребтік «Динамо U-19» командасымен (Хорватия) кездеседі. Матчтар 7 және 28 қарашада өтеді. Елордалық команда бірінші матчты Астанада ойнайды.

Еске сала кетсек, Астанада өткен алғашқы ойында елордалық жас футболшылар 3:1 есебімен албаниялықтарды жеңген болатын.

«Влазния U-19» — «Астана U-19» — 0:4 (жалпы есеп — 1:7)

Голдар: Жантөре Жұмаділов 37, Сұлтан Сағынаев 61, 78, 89 пенальти.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.