Жыл қорытындысы шығарылды | arainews.kz

Жыл қорытындысы шығарылды

53

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 Мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдағы атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды жиналысы өтті. Жиналыс Департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Шамарданұлы Жарылғаповтың басшылығымен өткен, қорытынды кеңеске мекеменің жеке құрамы мен еркін жалдамалы қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында ҚАЖ қызметінің өткен жылдағы негізгі көрсеткіштер айтылды. Жедел-қызметтік және өндірістік-шаруашылық, қаржылық қызметтерінің қорытындылары шығарылды. Осылайша, есепті жылға әр бөлімге тиесілі міндеттер бөлінді. Бұдан бөлек, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы, кадр және тәрбие жұмысы, жеке құрам қызметкерлерімен қоса арнайы контингентті психологиялық қамтамасыз ету сынды көптеген мәселелер талқыға түсті.

Бүгінгі басқосуда мекеменің барлық бағыттары бойынша орын алған кемшіліктер айтылды. Оларды қысқа мерзімде жою шаралары қарастырылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.