Бостандыққа шыққан азамат арнаулы орталыққа орналастырылды | arainews.kz

Бостандыққа шыққан азамат арнаулы орталыққа орналастырылды

243

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеген К.А. есімді азамат шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылды. Еркін өмірге оралған соң оның баратын жері болмауына байланысты және тұрмыс жағдайының төмендігі ескеріліп азамат Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығына орналастырылды. Мекеменің әлеуметтік маманы Жанат Естаева мұнда қайырылған жандарға барынша қамқорлық көрсетілетінін, құжаттары жоқ болған жағдайда оларды қалпына келтіруге көмек берілетінін айтып, азаматтардың барлық мұқтаждықтары өтелетінін жеткізді.

Айта кетер жайт, Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталық Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен тығыз жұмыс істеп келеді. Мұнда түзеу мекемелерінен босап шыққан тұрақты баспанасы жоқ азаматтарға 1 жылға дейін орналасуға мүмкіндік берілген.

Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталық 1999 жылы құрылған. Мекеме қызметінің негізгі мақсаты – әлеуметтік қиын жағдайдағы азаматтардың жағдайын қамтамасыз ету, тұрақты емдеуді қажет етпейтін азаматтарға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек көрсету. Орталық 120 адамға арналған. Мекемеде әр күнге арналған ас мәзірі 1 апта бұрын бекітіліп, мұндағы азаматтарға 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Одан бөлек жаңа киімдер мен жуынуға арналған құрал-жабдықтар, аптасына 1 рет монша қарастырылған. Одан бөлек заңгерлер мен психолог, социолог мамандар, дәрігерлер кестеге сай 24 сағат азаматтарға көмек көрсетеді.

Кәмшат Әбдімомынова,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесі
босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы,
әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.