Жеңіс күнін жазасын өтеушілер де атап өтті | arainews.kz

Жеңіс күнін жазасын өтеушілер де атап өтті

43

9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтті. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 25 мекемесінде сотталғандар арасында мәдени-бұқаралық шара ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақыттарын пайдалы іспен айналысуға, жалпы дұрыс жолға түсуі мен салауатты өмір салтын ұстануына өз пайдасын тигізері сөзсіз.

Сотталған азаматтардың бойларынан отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерінің оянуы, сезімдік және отан қорғаған батырларға алғысстары жүздерінен айқын көрінді.

– Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандарды эстетикалық, патриоттық, отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді және Қазақстан Республикасының азаматы ретінде заңға мойынсұнуға, қоғамға оралуына бағыттайды, – деді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.