Жеке және топтық кездесулер өтті | arainews.kz

Жеке және топтық кездесулер өтті

22

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік-құқықтық жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.

Тәрбиелеу процесінің бір бағыты психолог пен сотталғандар арасында әртүрлі кездесулер өткізу болып табылады. Осы тұрғыда тәрбиелеу жұмысында неғұрлым тиімді нәтижелерге қол жеткізу, сотталғанның жеке басын, оның дамуын, жұмыс қабілеттілігін бағалау, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жалғастыру мақсатында «Өмір мәні және құндылықтар» атты тақырыпта сотталғандармен кездесу өтті. Басқосуға «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының оңтүстік өңір бойынша психологы Алмагүл Аяғанова мен Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының инспектор-теологы Сержан Құлтаев қатысып, жазасын өтеушілермен жеке және топтық кездесулер өткізді.

– Сотталғандармен кездесулер өткізу, біріншіден олардың  жеке даму деңгейін арттырады, екіншіден, әлсіз және күшті қасиеттерді қалай қабылдау керектігін үйретеді, үшіншіден, агрессия, шамадан тыс тәжірибе деңгейін төмендетеді. Жүздесу кезінде әмбебап психологиялық тесттер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оларды мазалайтын сұрақтарға жауап беріліп, мәселелерін шешу мақсатында жұмыстар жүргізіледі, – дейді А. Аяғанова.

Кездесу соңында сотталғандар өздерінің теріс ойларын оң ойларға өзгертіп, бүкіл оқу процесі үшін кері байланыс жасайтынын жасырмады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.