Жат ағымдармен күрес мәселесі талқыланды | arainews.kz

Жат ағымдармен күрес мәселесі талқыланды

67

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 мекемесінде құқық қорғау, арнайы және өзге де органдардың өкілдерімен деструктивті-радикалды ағымдармен күрес жөнінде арнайы жұмыс кездесуі өтті. Басқосуға ҚАЖ департаменті мен оған қарасты мекемелердің, Подиция департаменті және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің және облыс әкімдігі Дін істері басқармасының қызметкерлері, теологтар мен түзеу мекемелерінің психологтары қатысты.

Жиынның күнтәртібінде бірнеше мәселе қарастырылды. Алғашқы болып әлеуметтік-гуманитарлық ағарту шараларының экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандарды дерадикализациялаудағы рөлі жайында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы, әділет подполковнигі А. Танашева баяндама жасады.

Келесі кезекте ҰҚКД қызметкері А. Жүнісәлиев қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жағдайында сотталғандар арасында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс әдістемесі тақырыбына тоқталды. Сонымен қатар дерадикализация және десалафитизация процестерін ұйымдастыру мәселелері, деструктивті-радикалды ағымдарды ұстанатын есепте тұрған азаматтар мен сотталғандарды анықтау, бақылауды қамтамасыз ету жайында ҰҚКД қызметкері Е. Әлібай сөз сөйледі.

Кездесу барысында, бұдан бөлек, проблемалық мәселелер талқыланып, тақырыптық ұсыныстар ортаға салынды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.