ҚАЖ қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

65

Таразда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Ала доп аламаны ҚАЖ қызметкерлерінің салауатты өмір салтын және спортты насихаттау, қатысушылардың шеберлігі мен спорттық біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу рәсіміне Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев келіп, сөз сөйледі.  Сондай-ақ департамент кадр бөлімі Дидар Рысбеков және мекеме бастығының орынбасарлары қатысты. Ашылу салтанатында, сонымен қатар №25 мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов сөйлеп, ойынды №25 мекеме ашты.

Турнирға барлығы 6 құрама қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға №67 мекеменің құрама командасы, ІІ орынға №26 мекеменің құрама командасы, ІІІ орынға №59 мекеменің құрама команда орнықты. Жеңімпаз командаға кубок, медаль пен қаржылай сыйлық табыс етіліп, жүлдегерлер мен арнайы аталым жеңімпаздарына медаль, кубок және арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетер жайт, ҚАЖ қызметкерлері арасында спорттық турнирлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осындай сайыстар қызметкерлер арасындағы бірлікті, ептілік пен шыдамдылықты дамытуға зор үлесін тигізеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.