Жастарды мемлекетке біз не бере аламыз деген мәселе толғандыруы керек — Оксана Драчева | arainews.kz

Жастарды мемлекетке біз не бере аламыз деген мәселе толғандыруы керек — Оксана Драчева

232

«Өкінішке қарай, жастар үнемі «Мемлекет біз үшін не істеді?» деген сұраққа жауап іздейді. Биыл сұрақ «Біз мемлекет үшін не істей аламыз»? деп қойылуы керек. Жастар жылы аясында бөлінген қаржы жастарды іс жүзінде қолдау керек. Яғни, еш пайдасы жоқ форум, конференцияларды өткізбей, отбасы тұрғын үй, жұмыс деген мәселелер шешілуі қажет. Жыл бойы жастар саясатына, проблемасын шешуге, шаралардың сипаты мен нәтижелеріне көңіл бөлсек, осындай қарқынмен жастар жылында бірталай жетістіктерге жететініміз сөзсіз», — деді Оксана Драчева.

Оның айтуынша, қазақстандық жастар тек қана мемлекетке қарап отырмай, өздері де білім алып, елінің өсіп-өркендеуіне үлес қосуы тиіс.

Айта кетейік, бүгін Астанада Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Сондай-ақ шараға Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастардың өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер келген.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өткен жылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.