Мемлекет волонтерлерді қолдау арқылы олардың белсенділігін дұрыс жолға бағыттайды — сарапшы

«Елімізде  «Жасыл ел», Дипломмен ауылға», жастар тәжірибесі сынды бірнеше бағдаралма бар. Бұған қоса, жастардың жұмыс істеуіне қол ұшын беретін Жастар ресурстық орталығы жұмыс істеп тұр. Алайда, біздің зерттеулеріміз осыған қарамастан жұмысқа орналасу қазақстандық жастар үшін №1 проблема болып отырғандығын көрсетті. Осы ретте Президент жария еткен бүгінгі бастамалар аталған проблемаға мемлекеттік органдардың назарын аудартуға, сондай-ақ қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігін арттыруға бағытталып отыр», — деді сарапшы.

Оның атап өтуінше, мемлекет келесі жылдан бастап білім қолжетімділігін арттыруды жоспарлап отыр. Ал бұл ауылдар мен шағын қалалардың жастары үшін тамаша мүмкіндік болмақ. Себебі орта арнаулы білім жүйесін дамыту аталған санаттағы жастарға зор мүмкіншілік ашады. Дегенмен, бұл ретте берілетін білім сапасы да нарық сұранысына сай болғаны жөн.

«Елдің жастар саясаты жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырудағы жаңа трендтерді қолдауға ұмтылады. Үлкен қалаларда көпшілік баратын жерлерді абаттандыру, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, экологиялық сауаттылықты арттыру сынды бастамалардың көптеп туындап жатқанын көріп отырмыз. Жас буынға мұндай бейіндегі жобаларға қатысу қызықты. Волонтерлерді материалдық ынталандыру арқылы мемлекет олардың белсенділігін дұрыс жолға салумен қатар жастар ұйымдары үшін қызметтің жаңа бағыттарын да ашады», — деді Серік Бейсембаев.

Еске салсақ, жастар жылының ашылуында Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырған болатын.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.