«Жарты күнге тағуға болады»: Асанәлі Әшімов «хит» болған нөміріне қатысты пікір білдірді | arainews.kz

«Жарты күнге тағуға болады»: Асанәлі Әшімов «хит» болған нөміріне қатысты пікір білдірді

78

Бұған дейін атақты актер Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірі түсірілген видео әлеуметтік желіні шулатты. Актер мемлекеттік нөмірдің орнына өз есімі жазылған нөмір тағып алған. Осы оқиғаға байланысты Асанәлі Әшімов пікір білдірді деп жазды turkystan.kz.

«Құрметті әлеумет, мен жаңа ғана жолдан келдім. Менің көлік нөмірім әлеуметтік желіде шу болып жатыр… Менімен бірге екі кино түсірілім тобы жүр, сол кино үшін уақытша ғана тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін, білемін ғой.  Тәртіп бұзбасақ, бір мезгіл жарты күнге тағуға болады ғой. Жолда және көшеде түсірді. Бұл менің деректі фильміме шығатын нәрсе», – деп түсіндірді Асанәлі Әшімов Qazaqstan арнасының «1001 түн» бағдарламасы кезінде.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.