Павлодарлық жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылып кетті | arainews.kz

Павлодарлық жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылып кетті

75

Павлодарда ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 10.35-те ЖШС-нің бірінің 36 жастағы жұмысшысы Нұрмағамбетов Минин көшелерінің қиылысында жол жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық битумы бар шелекті аударып, бір тамшысы бетіне тамып кеткен.

«37 жастағы ер адамның бетін 1-2 % термиялық күйік шалды.  Күйік шалған  аумақ 2-3% құрайды. Жағдайы қанағаттарлық. Ем қабылдауда», – деді денсаулық сақтау басқармасында.

Облыстық еңбек басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін хабарлады. Аталмыш фактіге қатысты тергеу ұйымдастырылуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.