Жаңа жобалар таластықтардың тынысын кеңейтеді

Мемлекеттік бюджеттің кірістері ел саясатының негізгі ұстанымдарының бірі. Яғни қаржы жоспары түрде құйылып тұрса, ел экономикасының дұрыс бағытта дамып жатқанын айғақтайды. Бұл тұрғыда Жамбыл облысында кенжелеп тұрған тұстар жоқ.

Мәселен Талас ауданыда кірістер 101,7 пайыз немесе 147 миллион 733 мың теңгеге артық орындалған. Жоспар 8 миллиард 828 миллион 961 мың теңге болса, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне оның орындалуы 8 миллиард 976 миллион 694 мың теңге. Шығыстар бойынша қаржыны игеру 99,2 пайызға орындалды. Жоспар 8 миллиард 985 миллион 496,2 мың теңге болса, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне орындалуы 8 миллиард 919 миллион 166 мың теңге.

Сонымен қатар, ауданда 64 тарихи мәдени ескерткіш бар, алдағы уақытта осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Жұмыстарды іске асырған жағдайда қонақ үй, мейрамханалар және өзге де жергілікті кәсіпкерлер жұмыспен қамтылмақ.

Әрине бұл жобалардың жемісі уақыт еншісіндегі нәрсе. Десе де тың тірліктер Таластың тынысын ашатыны анық. Бұған бүгінде бұқарының көзі анық жетіп отыр. Бір ғана «Талас инвестмент компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің елімізде баламасы болмай тұрғанының өзі көп нәрсені аңғартады. Демек таластықтар дұрыс бағытта жүріп келе жатыр деген сөз. Енді тек басы тәп-тәуір басталған жобалардың өміршеңді болғаны маңызды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.