Жаңа индустриалды аймақ құрылмақ | arainews.kz

Жаңа индустриалды аймақ құрылмақ

179

Тараз қаласында Қазақстанның индустриялды картасынан тыс инвестициялық жоба іске асырылуда. Атап айтқанда: «GOODLOOK» ЖШС-нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысын жүргізуді қолға алмақ. Жобаның құны – 1 млрд. 264 млн. теңге. Қуаттылығы жылына 160,0 мың тонна. Соның нәтижесінде 36 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту мақсатында, Тараз қаласындағы айналма тас жолының бойында орналасқан 94,2 гектар жер теліміне индустриалды аймақ құру жоспарланып отыр. Аталған аймаққа инженерлік инфрақұрылым тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 29 тамызында №3034 Қаулысымен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөліміне тапсырма берілді.

Бүгінгі күнге индустриалдық аймаққа қызығушылық білдірген 9 кәсіпкер анықталып отыр. Ал жобалардың құны 6,253 млрд. Теңге. Сондай-ақ 548 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

Мысалы, «Достық» ЖШС 1,5 га жерге құю цехының құрылысы бойынша және металлдан жасалған жабдықтар мен бұйымдарды дайындау жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның шартты құны 283 млн. теңге.

Ал «Novacom technology» ЖШС 2 гектарға инфрақызыл сенсорлық әйнектер, ақпараттық дүңгіршектер, бақылау және қол жеткізу жүйелері (турникет), төлем терминалдары мен электрондық кезектер жүйелерін өндіру бойынша жобаны жүзеге асыруды көздеуде.

Сол сияқты «Шинбатшаев» ЖК 1 гектар жер телімінде былғары және былғарыдан бұйымдар шығаратын зауыт құрылысын жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек «Елібай» ЖК 1,5 га жерге көкөніс сақтау қоймасы бар жеміс-көкөніс дақылдарын қайта өңдеу цехын, қант қызылшасының тұқымын қайта өңдеу цехын және құрама жем мен шөп, ұн өндіру цехын іске қосуды ойластыруда. Жобаның шартты құны 115 млн. теңге.

Сонымен қатар «Taraz Class» ЖШС 2 гектарда құрғақ құрылыс қоспаларын, гипс пен су эмульсиялық бояуларды өндіретін цехты кеңейтуді жоспарлап отыр. Ал «Мир-Раш» ЖШС 4 гектарда құрылыс материалдарын, бетон бұйымдарын және гранитті өңдеуді жолға қоймақ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.