16 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты.

Ағымдағы жылдың басынан бері автомобиль жолдарында сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын-алу және қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта пайдалуды болдырмау мақсатында облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 14 рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Осы рейдттердің нәтижесінде 16 тұлға түрлі тәтіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде: аудан әкімінің орынбасары, шаруашылық меңгерушісі, жүргізушілер.
2019 жылдың 11 қазанында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсе және Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейдттік іс-шара барысында, сағат 22:00-де Тараз қаласының Абай көшесінде Сарысу ауданы әкімдігіне тиесілі «KIA» маркалы автокөлік тоқтатылды.
Алайда, автокөлік жүргізіп отырған әкімдіктің қызметкері (С.Бигалиев) тиісті жауапкершіліктен құтылу мақсатында заңсыз сыйлық ұсынған. Осы фактіге байланысты заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс жолданды.
Алдағы уақытта Департамент бұл бағыттағы жұмысын күшейте түспек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.