Жамбылдықтар Гузалия Гафурованы салтанатпен күтіп алды

226

Жамбылдықтар Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Гузалия Гафурованы салтанатпен күтіп алды.

Жамбылдық спортшы Гузалия Гафурова Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта алтын жүлдеге ие болған еді. Ол финалда қытайлық спортшы Танг Линглингті ұтып, ел қоржынына алтын жүлдені салды.

Естеріңізге сала кетейік, Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті. Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен жерлесіміз 8:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.

zhambylnews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.