Жамбылдықтар Елбасы Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдады (Фоторепортаж)

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» аталған стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын жамбылдықтар көпшілік болып тыңдады. Бұл мақсатта Тараз қаласында «Баласағұн» орталық концерт залы мен Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде арнайы жиындар өтті. Оларға облыс және қала басшылығы, мәслихаттардың депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.