Жамбылдық жастар ағаш отырғызып жарысты | arainews.kz

Жамбылдық жастар ағаш отырғызып жарысты

19

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облысымызда «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасуда. Аталған акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» деген атауға ие болды. Бұл аптада ағаш көшеттері отырғызылады.

Акция аясында бүгін «Қызылабад» алқабында №11 аумақтың тұрғындары мен жастар арасында ағаш көшеттерін отырғызудан жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары және №11 аумақтық округтің тұрғындарынан құралған командалар қатысып, жалпы саны 1200 қара ағаш екті.

Жеңімпаздарды айқындау үшін 7 адамнан тұратын арнайы комиссия құрамы бекітіліп, егілген көшеттердің саны, ағаш отырғызуға арналған шұңқырдың (лунка) дұрыс қазылғандығы мен ағаштарды отырғызуына баға берді.

Жарыс нәтижесінде 1-орынды Тараз жастар ресурстық орталығы, 2-орынды «Құмшағал жастары», 3-орынды облыстық «Әулиеата жастары» командасы еншіледі. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен диплом табысталды.

Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.