Диқандықтар ағаш егу акциясына атсалысты | arainews.kz

Диқандықтар ағаш егу акциясына атсалысты

31

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты бес апталық республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, қоғам үшін маңызы зор «Жасыл аймақ» тақырыбындағы іс-шара Байзақ ауданының Диқан ауылдық округінде өз жалғасын тапты.
Байзақ ауданы Диқан ауылының кіре берісінде ауыл ардагерлері бас болып, тұрғындар мен жастардың қатысуымен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарды салауатты өмір сүруге және табиғатты қорғауға үндеу мақсатын көздеген шараға қырыққа жуық адам қамтылып, қара ағаш көшеттерін егіп, сондағы егілген ағаштардың түптерін әктеді.
– Бүгін «Жасыл аймақ» апталығы бойынша екі жүзге жуық қара ағаш көшеттерін отырғыздық. Осындай игі шаралар жиі болып тұрса, жыл сайын жасыл бақтағы ағаштар көбейіп, алдағы уақытта үлкен саябаққа айналар деген үмітіміз бар. Диқандық тұрғындар осы жерге келіп ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырады деген ойдамын, – дейді Диқан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімхан Ойықбаев.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.