ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Облыстың дарынды оқушылары республикалық пән олимпиадаларының қорытындысы бойынша командалық есепте 7-ші жыл қатарынан, республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша 6-шы жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанып, І-ші орындарды иеленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты 10-шы жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атанды.
Облыс оқушылары республикалық, халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 2018 жылы 143 медальды (22 — алтын, 35 — күміс, 86 — қола) иеленді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.