ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІНЕ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ  ТӘЖІРИБЕСІ ТАРАТЫЛУДА | arainews.kz

ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІНЕ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ  ТӘЖІРИБЕСІ ТАРАТЫЛУДА

558

Назарбаев Зияткерлік мектебінің озық тәжірибесін тарату мақсатында облыста 40 білім мекемесі базалық алаң ретінде жұмыс атқаруда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс тәжірибесін тарату мақсатында облыс әкімі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы арасында Меморандумға қол қойылды.

Облыс педагогтарына білім мекемелеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін енгізуде әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық білім басқармасы, педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен біріккен жоспар жасап,  желілік кесте әзірленді. Кестеге сәйкес 2018 жылдың қыркүйек айынан бері 21 іс-шара өтті.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс тәжірибесі 2019 жылы облыс мектептерінің 50%-на, 2020 жылы 100% мектепке енгізу жоспарланды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.