Жамбылда тактикалық-саптық жаттығулар өтуде | arainews.kz

Жамбылда тактикалық-саптық жаттығулар өтуде

94

Жамбыл облысында тактикалық-саптық жаттығулар өтуде. Онда 78 әскери міндетті азамат арнайы әскери полигонда ұйымдастырылған жиынға қатысып жатыр.

Облыстық аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелерімен өткізілетін тактикалық-саптық оқу-жаттығулар 11 мен 22 сәуір күндері аралығына жоспарланған.

Негізгі мақсат – аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери бірігуі бойынша іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру бойынша лауазымды тұлғалардың білімі мен практикалық қабілетін жетілдіру.

Сондай-ақ, оларға тәжірибелі әскери мамандар білгендерін үйретіп, тактикалық-саптық жаттығулармен қатар қаруды меңгеру бойынша да оқу жаттығу жиынын өткізуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.