Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай«Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық пікірсайыс турнирі | arainews.kz

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай«Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық пікірсайыс турнирі

62

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы, облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырыпАхмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық пікірсайыс турниріұйымдастырылды.

Турнир Т.Рысұлов ауданы, Абай ауылында өткізілді

Турнир кестеге сәйкес Тараз қаласы мен аудан мектеп оқушыларын жинау арқылы жүргізіліп, аудандардың бетке ұстар жастары қатысты. Турнир іріктеу турнирлерінен 1/8, 1/4, 1/2, және финалдан тұрды. Турнир пікірсайысшылар арасында танымал АПФ, ЛД форматтарында ұйымдастырылды. Тартысқа толы өткен турнирдің нәтижелері төмендегідей.

Орыс лигасының жеңімпаздары:

3ші орын 10.000тг иегерлері Шу ауданы Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының Призма атты фракциясы:Василенко Даниал, Каракесекова Элеонора

2ші орын 20.000тг иегерлері Қордай ауданы В.В.Маяковский атындағы орта мектебінің Единство атты фракциясы Османова Динара, Ахвердиева Альбина.

1ші орын 30.000 иегерлері Тараз қаласы #7 мектеп гимназиясының Интер атты фракциясы

Пилипенко Милана, Агинбаева Айдана.

Қазақ лигасы бойынша:

3ші орын 10.000 иегерлері Ақиқат фракциясы Шу ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп Бауыржанқызы Жансая, Сапан Мерей

3ші орын 10.000тг иегерлері Руханият фракциясв Жуалы ауданы #2 Мыңбұлақ мектебі Қонысбай Еркеназ, Кеңес Сабина.

2ші орын 20.000тг иегерлері Жалын фракциясы Т.Рысқұлов ауданы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі Аман Мерей, Жақсылық Назым.

2ші орын 20.000тг иегерлері Алаш 21 фракциясы.

1ші орын 30.000тг иегерлері Фемида фракциясы Байзақ ауданы Түймекент орта мектебінің оқушылары:Камаладин Нурила, Тоқтарбай Балауса

Бас жүлде 40.000тг иегерлері Талап фракциясы Байзақ ауданы Н.Ақшабаев мектебінің оқушылары Әбутәліп Аружан, Шадыбек Ажар.

«Үздік спикер» номинациясымен және 10.000тг иегері Әбутәліп Аружан атанды, «Үздік төреші» номинациясымен Закирова Аружан, Қрықбай Талант,Тоқберген Азамат марапатталды.Бұл жолы тек дебатпен шектелмей барлық саланы қамтуға тырыстық сол мақсатта «Үздік эссе» Қуандық Шапағат 10.000 тг жеңіп алды. Қалған аудандар «Үздік топ», «Үздік делегация», «Ең креативті топ», «Ең интелектуалды топ» және т.б номинацияларын қанжығаларына байлап қайтты.

Ал, студенттер арасында нағыз жеңімпаздарды анықтау үшін турнирді толығымен біліктілігі жоғары «Төрешілік оқыту» курсынан өткен сертификатталған төрешілер алқасы шешім шығарды.

  Осылайша, дәл қазіргідей болашақта да оқушылар мен студенттерді кез-келген салада дамыту мақсатына бағытталған жастардың ұсынған әрбір тың идеялары мен жобалары Жастар басқармасының тарапынан  қолдау таба бермек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.