Жамбылда «Қауіпсіз жол» айлығында 22 000-ға жуық жол ережесін бұзу дерегі тiркелдi | arainews.kz

Жамбылда «Қауіпсіз жол» айлығында 22 000-ға жуық жол ережесін бұзу дерегі тiркелдi

18

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» айлығы жүргізiлуде.
Полиция қызметкерлері акция басталғалы 21 972 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлік құралын басқарған 77 жүргізуші жауапқа тартылды. Қоғамдық көліктерге қатысты 146 хаттама толтырылды. Қарсы бағытқа шығып кеткені үшін 20 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. Айып тұрағына 478 автокөлік қойылды.

Іс-шараның мақсаты-жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің назарын жол ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.

Осы мақсатта патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеевпен бірлесіп бірқатар алдын алу іс-шараларын өткізді.
ПД ЖПҚ бастығы автомагистраль арқылы өтетін көліктердi тоқтата отырып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертіп, ережелер көрсетiлген бүктемелер мен жадынамаларды ұсынды.
— Біздің облыста жол-көлік дерегі 40,9% — ға өскен. Жыл басынан бері облыстың автожолдарында 128 адам қаза тапты. Біздің мақсатымыз — барлық азаматтардың назарын осы мәселеге аударту және бір қателік бірнеше адамның өмірін алып кетуі мүмкін екенін ескерту, — деді полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары алыс жолға жүрер алдында тынығып, сергек күйде шығуды және көліктің жылдамдығын асырмауды ескертеміз!

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.