Ағымдағы жылдың 15-17 қаңтары аралығында Жамбыл облысы аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіледі. Іс-шараға 400-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылмақ. Сонымен қатар, Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаменті, Көліктік бақылау инспекциясы, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған арнайы мобильді топтар қатыстады.
Аталмыш шара барысында автокөліктердің санкцияланбаған тұрақтарда орналасуы, жүргізушілердің медициналық тексерістен өтуі, еңбек және демалыс режимінің, жолаушыларды тасымалдау заңдылықтарының сақталуы, көліктердің техникалық жарамдылығы, «Жол жүрісі туралы» ҚР заңы талаптарының бұзылуы, жылдамдықты асыру және басқа да жол қозғалысына қатысты жағдайлар қатаң бақылауға алынып, тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автожолдардағы жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын автобус пен такси жүргізушілерінің құқығы белгіленген құжаттары да тексеріліп, бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.
Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі