Жамбылда ауыл тұрғындарына ағылшын тілін оқыту орталығы ашылды | arainews.kz

Жамбылда ауыл тұрғындарына ағылшын тілін оқыту орталығы ашылды

159

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы облысымызда алғашқылардың бірі болып «English for jastar» партиялық жобасының тұсауын кесті. Бұл жобаның басты мақсаты ауыл тұрғындарына ағылшын тілін үйрету болып табылады.

Пионер ауылындағы Қ.Сартбаев атындағы орта мектебінің қабырғасынан ашылған ағылшын тілін оқыту орталығы ашылар-ашылмастан ондағы курсқа қатысуға 95 азамат өтініш білдіріпті. Олар 3 ай бойы білікті мамандардан тегін дәріс алады.

Ауыл жастары бұл жобаны тілдік машығын жетілдіріп, шетел елдерде  білім алуға берілген теңдесіз мүмкіндікке балап отыр. Өз кезегінде, орталықтың ашылу салтанатына қатысқан «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев те жоба ауыл тұрғындарының әлемдік тілдің әліпбиін оқытуға бағытталып отырғанын жеткізді. Салтанатты шара кезінде партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары мен аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев шет тілін курстарын оқыту курстарына ерікті ретінде тартылған мамандарға сый-сияпат көрсетті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.