Жамбыл облысында «Ұстазым – ұлағатым» акциясы басталды | arainews.kz

Жамбыл облысында «Ұстазым – ұлағатым» акциясы басталды

179

Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Педагог мәртебесі» заңының жобасын дайындау мақсатында «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы «Ұстазым – ұлағатым» акциясын бастады.

Акция аясында арнайы жұмыс тобы құрылып, бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті. Акция аясында жұмысшы топтың жетекшісі «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов Т.Рысқұлов ауданы, Қорағаты ауылы, Қорағаты орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ұстаздар қауымы мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында ұсыныстарын айтты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.