Колледжде «Жастар және кітап» тақырыбында кеш өтті

24

Тараз сервис және технология колледжінде «Жастар және кітап» тақырыбында кеш өтті.

Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы. «Кітап – ең сабырлы ұстаз» деген Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзі бар. Кітаппен дос болған адамның ойы терең, тілі бай, таным көкжиегі кең болатыны анық.

Кітапхана оқырмандары өздері оқыған кітаптары туралы айтып, өз ойларымен бөлісті. Кітапханашы С. Саттарова студенттерге «Жастар және кітап» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, kitap.kz және kasipkor.kz сайттарындағы оқулықтар туралы студенттерге қысқаша мәлімет берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.