Жамбыл облысында үш аусымды мектептер мәселесі толықтай шешімін тапты

Жамбыл облысында үш аусымды мектептер мәселесі толықтай шешімін тапты. Өңірде сондай-ақ Бес әлеуметтік бастама аясында оқу орындарын жатақханамен қамту жайы да назарға алынған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Асқар Мырзахметов баяндады.

 

Білім саласында 15 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды  қамту үлесі 100 пайызға жетті. Облыс орталығында дарынды балаларға арналған IT лицей-интернат және «TARAZHUB» IT орталығы ашылды.

2 жылда 14 мектеп салынып, 4 апатты, 4 үш ауысымды, 6 орын тапшылығы бар мектептің мәселесі шешілді. Есебінен үш ауысымды мектептер толығымен шешілді.

Бүгінде 3 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде.                2020 жылы бұл мәселе толық шешіледі.

2 заманауи үлгідегі колледж ашылды.                          663 млн.теңгеге материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Колледж түлектерін жұмыспен қамту мақсатында  үш жақты меморандум жүйесі енгізілді. Онда оқу бітірген түлекті алған мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау және ең төменгі жалақыдан кем емес еңбекақымен қамтамасыз ету міндеттелген.

Биылғы оқу жылында 2 мыңға жуық сұранысы төмен мамандықтарға грант қысқартылды. Жұмысшы мамандықтар көбейтілді.

Бес әлеуметтік бастама аясында облыстағы  3 жоғары оқу орындары мен 3 колледжде жатақхана құрылыстары жоспарланған болатын. Бүгінге оның ішінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 450 орындық жатақхана қайта жаңғыртылып, Тараз мемлекеттік университетінде 450 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде.

Ал, Тараз мемелекеттік педагогикалық университеті  500 орындық және 3 колледжде 750 орындық жатақхана салу жоспарлануда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.